• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №68

312 рет
көрсетілді

2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесін бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесі р/с № Жобаның атауы Жобаның жалпы құны (мың теңге) Іске асыру кезеңі (жылдар) Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері Қарыз алушы Әлеуетті қарыз беруші 1 «Орталық - Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» (Күрті - Бурыл-байтал учаскесі)», 1-учаске (2214-2295 км) және 2- учаске (2152-2214 км) 70921053 (1-учаске - 38771839, 2-учаске - 32149214) 2016- 2019 62410527 мың теңге 255 млн. АҚШ долларына дейін балама (1-учаске - 140 млн. АҚШ доллары, 2-учаске - 115 млн. АҚШ доллары) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Еуропа Қайта Құру және Даму банкі